«Барыс» бүгін Ресейде «Авангард» командасымен кездеседі

Қазақстандық «Барыс» командасы Құрлықтық хоккей лигасындағы төртінші ойынын Ресейде «Авангард» (Омбы) командасына қарсы өткізеді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Алматы, NEGE. Кездесу бүгін, 9 қыркүйекте 17:00-де басталып, «Qazsport» телеарнасынан тікелей эфирде көрсетіледі.

Екі команда бұған дейін 72 мәрте кездесті. Оның 25-і елордалық клубтың басымдығымен аяқталса, қалғанында ресейлік команда жеңіске жетті.

Екі команда бұдан бұрын 23 тамызда Блинов турнирінде кездесті. Бұл ойында «Барыс» 4:3 есебімен басым түсті.

Айта кетсек, елордалық клуб Құрлықтық хоккей лигасындағы бұдан бұрынғы үш кездесуінде де қарсыластарына есе жіберді.

Аталған кездесуден кейін елордалық клуб 11 қыркүйекте сырт айдында ресейлік «Динамо» (Мәскеу) клубтарымен шеберлік байқасады.

Ал елордада 16 қыркүйекте Ресейдің «Адмирал», 18 қыркүйекте «Нефтехимик» командаларын қабылдайды.

Қазір оқып жатыр

Алматыда жаппай төбелес кезінде екі оқушы көз жұмды

Трамптың ұлдары Қазақстандағы вольфрам жобасына қаржы құйды

Мәсімовтің бұрынғы күйеу баласы қос азаматтығы болғанын мойындады

Вьетнамда ұсталған блогер Қайсар Қамза көшеде еркін қозғалып жүр