«Барыс» «Амурдан» басым түсті

Құрлықтық хоккей лигасы аясында «Барыс» бүгін, 4 қаңтарда Ресейде «Амур» (Хабаровск) командасымен кездесті, деп хабарлайды ҚазАқпарат

.

Алматы, NEGE. Бүгінгі ойын тартысты өтті. Қос команда бір-бірінің қақпасы маңында жиі шабуылдады. Екеуі негізгі кезеңде бір-бірінің қақпасына төрт-төрттен шайба соқты. Жеңімпаз буллит сериясынан анықталды. Есепті алғаш болып «Барыс» командасы ашты. Елордалық клуб сапынан 12-минутта Мэтт Фрэттин мергендік танытты. Бұдан кейін «Амур» хоккейшілері Александр Полунин 14, Дмитрий Лугин 17-минутта гол соғып кетті. Екінші кезеңнің 27-минутта ресейлік команда сапынан Михал Йордан есепті үстемелей түсті. Ендігі кезекте елордалық Павел Акользин 32, Роман Старченко 34-минуттарда қақпаны дәл көздеп, қайтадан таразы басы теңесті. Үшінші кезеңде де екі команда бір-бірінің қақпасына шайба соғып кетті. Ресейлік Сергей Терещенко 52-минутта «Амурды» алға шығарса, көп ұзамай Никита Михайлис шеберлік танытты. Осылайша негізгі кезең 4:4 есебімен тең аяқталып, овертаймға ұласты. Овертаймда жеңімпаз анықталған жоқ. Буллиттер сериясында Роман Старченко қорытынды есепті белгіледі. Ойында «Барыс» 5:4 есебімен жеңіске жетті. «Барыс» енді 6 қаңтарда Хабаровскіде «Амурмен» тағы бір мәрте мәрте шеберлік байқасады.

Қазір оқып жатыр

2024 жылғымен бірдей шықты. Ағайынды Тастекейлер былтыр НЕГЕ көтеріле алмады?

Денсаулық сақтау саласының үздігі Бақыт Түменова дүние салды

«Қайрат» бас бапкерімен қоштаса ма?

Аймағамбетов дәрігерлерді даярлауды 7 жылға дейін ұзартуды ұсынды