«Барыс» жаңа маусымды жеңіспен бастады

Астаналық «Барыс» Құрлықтық хоккей лигасының (КХЛ) жаңа маусымын жеңіспен бастады.

Фото: ғаламтордан

Алматы, NEGE. «Барыс» өз алаңындағы матчтың овертаймында Челябинскінің «Тракторын» 4:3 есебімен тізе бүктірді, деп хабарлайды Туризм және спорт министрлігіне сілтеме жасап.

Барыс (Астана) – Трактор (Челябинск) – 4:3 ОТ (1:1, 1:1, 1:1, 1:0)

  • 0:1 – Ливо (Гросс, Дер-Аргучинцев) – 05:37 ГБ
  • 1:1 – Шайхмедденов (Мухаметов) – 08:09
  • 2:1 – Савицкий (Қайыржан, Шайхмедденов) – 32:08 ГБ
  • 2:2 – Горюнов-Рольгизер (Ливо, Коромыслов) – 36:16
  • 3:2 – Томпсон (Веккьоне, Галимов) – 52:42 ГБ
  • 3:3 – Дюбе (Дер-Аргучинцев, Ливо) – 57:31

Негізгі уақыт тең аяқталған соң, жеңісті голды овертаймда «Барыс» қорғаушысы Райли Уолш соғып, команданы алға жетеледі.

Астанада өткен кездесуді 10 мыңнан астам жанкүйер тамашалады. Бұл жеңіс «Барыс» үшін маусымды жоғары көңіл-күймен бастауға мүмкіндік берді.

Қазір оқып жатыр

Ресей жүк көліктеріне арналған міндетті QR-код енгізді

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев балаларды мерекесімен құттықтады

LRT екі аптада 1 млн жолаушыны тасымалдады

Қасым-Жомарт Тоқаев қазақстандықтарға үндеу жасады