«Барыс» Ресейде «Ак Барс» командасымен кездеседі

Қазақстандық «Барыс» командасы бүгін, яғни 5 қаңтарда Құрлықтық хоккей лигасындағы кезекті ойынын Ресейде «Ак Барс» (Қазан) командасына қарсы өткізеді.  

ғаламтордан

Алматы, NEGE. Ойын елорда уақытымен 19:00-дe басталып, «Qazsport» телеарнасынан тікелей эфирде көрсетіледі.

Екі команда бұған дейін 55 мәрте кездескен. Оның 11-i елордалық клубтың басымдығымен аяқталса, қалғанында ресейлік команда жеңіске жеткен.

Кейінгі тоғыз кездесудің сегізінде қазақстандық клуб аталған қарсыласына есе жіберді. Қазір турнир кестесінде «Барыс» 23 ұпаймен 22-орында тұрса, «Ак Барс» 54 ұпаймен 8-орында келеді.

Айта кетсек, елордалық клуб бұдан кейінгі үш ойынын елордада өткізеді. Алдымен 19 қаңтарда Ресейдің «Локомотив» (Ярославль) клубымен шеберлік байқасса, одан кейін 23 қаңтарда «Адмирал» (Владивосток), 26 қаңтарда «Ак Барс» (Қазан) клубтарымен ойнайды.

Қазір оқып жатыр

Қазақстанда көлік жүргізушілері жаппай тексеріліп жатыр

Жамбыл облысында екі оқушының мәйіті табылды

Бастамашыл топ «Әділет» атты жаңа саяси партия құрылатынын мәлімдеді

7 трлн теңге дауы: банктерде тексеріс жүріп, заңбұзушылықтар анықталып жатыр