2026 жылғы 25 қыркүйек – Қазақстан Республикасындағы жалпыұлттық аза тұту күні 25 сентября 2026 года – День общенационального траура в Республике Казахстан

Барымташылар қолға түсті

Жезқазған қалалық ПБ жедел уәкілдері мал ұрлаған барымташыларды ұстады, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Алматы, NEGE. 24-ші сәуір күні Жезқазған қалалық Полиция басқармасының кезекші бөліміне 51-жастағы мал иесі арызданып, белгісіз біреулердің жайылымнан 3 бас ірі қараны ұрлап, 1 200 000 теңге шығын келтіргені жөнінде арызданған. Жезқазған қалалық ПБ Криминалдық полиция бөлімі қызметкерлерінің жедел іздестіру іс-шаралары барысында осы іске қатысы бар деген күдікпен 26-30 жас аралығындағы үш адам анықталып ұсталды. Ұсталғандардан айғақ заттар тәркіленді.