Барахолкадағы арандатушылар кімдер?

Полицейлер Алматы барахолкасында жанжал шығаруға шақырған арандатушылар анықталды. Бұл туралы ІІМ министрінің орынбасары айтты.

Алматы, NEGE. Орталық коммуникациялар қызметінің брифингінен кейін құлуарларда журналистер Калайчидиден Алматыдағы Барахолкада жанжал шығаруға үгіттеген адамдар туралы сұрады. 

Алматы барахолкасындағы арандатушылар ұсталды ма деген сұраққа министрдің орынбасары былай деп жауап берді: "Мен былай айтайын, "ұсталды" деген сөзді қоя тұрайық, бірақ, олардың кім екендері анықталды. Барлығымен ісіміз болады, себебі онда осындай үндеу тастап, жанжал шығаруға шақырғандар бар, яғни әкімшілік құқық бұзушылық құрамы мен қылмыстық құрам бар". 

Еске салайыұ, 8 ақпанда Алматыда Барахолкада санитарлық күн жарияланды. "Байсат", "Барлық", "Ялян", "Рахат", "Барыс", "Алатау", "Болашақ", "Мизам", "Арлан", "Өжет", "Ақ-бұлақ", "Кенжехан" базары қызметін тоқтатты.

Қазір оқып жатыр

Мейіржан Төребаев бостандыққа шықты

Тоқаев пен Пезешкиан бір-бірін Наурыз мейрамымен құттықтады

Ақпарат министрі Аида Балаева Ботагөз Омарованың ісі жайлы не дейді?

Тоқаев Қазақстан халқын Наурыз мейрамымен құттықтады