Барахолка жабылмайды екен

Алматы әкімдігі барахолка жабылады деген ақпаратты жоққа шығарды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Алматы, NEGE. «Бұл ақпарат шындыққа жанаспайды. Біз оны растамаймыз», - деді Алматы қаласы кәсіпкерлік және инвестиция басқармасының басшысы Еркебұлан Оразалин өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз конференциясында. Алайда, ол санитарлық талаптарды сақтамай, өрескел бұзушылықтар анықталған жағдайда үлкен, орта және шағын бизнес нысандарының жабылуы мүмкін екенін тілге тиек етті. Естеріңізге сала кетейік, Алматыдағы азық-түлік емес базарлар 1 маусымда жұмысын қайта бастады.

Қазір оқып жатыр

Алматыда жаппай төбелес кезінде екі оқушы көз жұмды

Трамптың ұлдары Қазақстандағы вольфрам жобасына қаржы құйды

Мәсімовтің бұрынғы күйеу баласы қос азаматтығы болғанын мойындады

Вьетнамда ұсталған блогер Қайсар Қамза көшеде еркін қозғалып жүр