Барахолка маңындағы қоймадан шыққан өртті 100-ге жуық қызметкер сөндіріп жатыр

Барахолка базары маңындағы қоймадан шыққан өртті 100-ге жуық қызметкер сөндіріп жатыр, деп хабарлайды Zakon.kz.

Алматы, NEGE. Алматы төтенше жағдайлар департаментінің мәліметінше, өртті сөндіру тауарлық-материалдық заттардың тығыз жүктелуінен, сонымен бірге конструкциялардың құлауынан қиындай түскен.

Өрт шыққан жерге 100-ге жуық өрт сөндіруші, құтқарушы және 20-дан астам техника жұмылдырылған.

Өрт сағат 12:42-де ауыздықталған, яғни одан әрі тарау қаупі жоқ.