2026 жылғы 25 қыркүйек – Қазақстан Республикасындағы жалпыұлттық аза тұту күні 25 сентября 2026 года – День общенационального траура в Республике Казахстан

Банктер ипотекаға өтінім қабылдауды уақытша тоқтатты

Ұлттық банк төрағасының айтуынша, бұған бірнеше фактор әсер еткен.

ғаламтордан

Алматы, NEGE. Біріншіден, базалық мөлшерлеме өскен сайын несие қымбаттай түседі. Банктер пайыздық мөлшерлеме шарықтаса, қарыз алушылар несиесін төлей алмай қалады деп қауіптенеді.

Екіншіден, 1 қарашадан бастап күшіне енетін жаңа талаптарға сәйкес, қаржы ұйымдары жылдық тиімді сыйақы мөлшерлемесін 20 пайыздан асырмауы керек. Яғни банктер өздері берген несиеден жыл сайын тек осы көлемде ғана пайда көре алады.

Ал экономистердің пікірінше, ипотека шарттарының өзгеруі тұрғын үй бағасының төмендеуіне ықпал етеді.