Банкроттыққа 18 мыңнан астам арыз келіп түсті

2023 жылдың 3 наурызынан бастап азаматтардан банкроттық рәсімдерді қолдану туралы арыздарды қабылдау басталды, бүгінгі күні 18 мыңнан астам арыз келіп түсті.

Алматы, NEGE. Арыздар негізінде е-Gov (94%) және e-Salyq Azamat (6%) мобильдік қосымшасы арқылы түсуде.

«Қазақстан Республикасы азаматтарының төлем қабілеттілігін қалпына келтіру және банкроттығы туралы» Заңының талаптарына сәйкес, мемлекеттік кірістер органдары 15 жұмыс күн ішінде азаматтың келесі шарттарға сәйкес келуін тексереді:

1.борыш банк, микроқаржы ұйымдары (МҚҰ) және коллекторлық агенттіктер алдында 5,5 млн.теңгеден (1600 АЕК) аспауы;

2. борыштың өтелмеу мерзімі он екі айдан асуы;

3. некеде бірге алынған мүлікті қоса алғанда, меншік құқығында мүліктің болмауы (көлік, үй, жер тілімі, банктегі депозит және т.б.);

4. банкпен, МҚҰ борыштар бойынша реттеу рәсімін жүргізілуі.