Банк қызметкері жұмыс орнынан 29 миллион теңгені жымқырып кеткен

Жезқазған қаласының полицейлері ақша ұрлаған ұрыны ұстады, деп хабарлады Polisia.kz.

Нұр-Сұлтан, NEGE. 10 ақпанда Жезқазған қаласының Полиция басқармасының кезекші бөліміне қалалық банктердің бірінің 25 жастағы кассирі ақша жымқырғаны туралы хабарлама түскен. Келтірілген шығын 29 миллион теңгені құрады. Оқиға орнына жеткен полиция қызметкерлері ақшаның банкке тиесілі екенін, ер адам жұмыс орнында жазба қалдырғанын анықтады. Бір жарым айдан кейін жедел уәкілдер күдіктіні ұстады. Ол өзінің кінәсін толығымен мойындады. Ақшаны өз қажетіне толықтай жұмсап жібергені туралы айтқан. Аталған факті бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру амалдары жүргізілуде. ҚР Қылмыстық кодексінің 189-бабы 2-бөлімі (Сеніп тапсырылған бөтеннің мүлкін иемдену немесе ысырап ету) бойынша қылмыстық іс қозғалды.

Қазір оқып жатыр

Тоқаев ҚХР Төрағасы Си Цзиньпинге көңіл айту жеделхатын жолдады

Автомектептерге қойылатын талаптар күшейтілмек: қандай өзгеріс енгізіледі?

Әлемде жанармай тапшылығына байланысты мыңдаған әуе рейсі тоқтатылып жатыр

Қазақстанда такси қызметіне қойылатын талап күшейтілді