Банк карточкасынан ақша ұрлаған күдікті ұсталды

Созақ  АПБ-ның кезекші бөліміне   жергілікті тұрғын  өзінің банк кәртішкесінен жарты миллион теңгеден астам ақшасының жоғалғаны туралы арызданды, деп хабарлайды Түркістан облысы баспасөз қызметі.

Алматы, NEGE. Аталған жайтты полицейлер  ҚР ҚК-нің 188-бабы «Ұрлық» бойынша СДТБТ-ға  тіркеді. Осылайша тәртіп сақшылары орын алған жайттың толық мән-жайын анықтауға кірісті. Жедел іздестіру жұмыстары жүргізіліп, куәгерлерден сұрақ жауаптар алынды. Атқарылған шаралардың нәтижесінде небары бір күн ішінде күдікті тұлғаның ізіне түсті.

Яғни тергеп-тексеру барысында белгілі болғандай күдікті әйел мен жәбірленуші әріптес болған. Олар бір-бірінің жеке мәліметтерін жақсы білген. Соны пайдаланған күдікті әйел жәбірленушінің банк кәртішкесін жымқырып, ақшаны оп-оңай шешіп алған. Сондай-ақ ол ақшаның біршамасын өз қажеттілігіне жаратып жіберген. 

Ұсталған әйелден айғақты зат ретінде  соманың бір бөлігі алынып, заңды иесіне қайтарылды. Бүгінгі таңда күдіктінің бас шарасы қолхатта. Аталған жайт бойынша тергеу амалдары жүргізілуде.

Түркістан облысы полицейлері азаматтарға бағалы заттарыңыз банк кәртішкілеріңізге, әмияндарыңызға сақ болыңыздар деп ескертеді. Қалта ұрыларының көзіне түспес үшін бағалы заттарыңызды көрсетпей, аузы жабық сөмке ішіне салып қойыңыздар деп кеңес береді.

Қазір оқып жатыр

Олжас Бектенов Алматы тау кластері мен Almaty Superski жобаларын жүзеге асыру қарқынын жеделдетуді тапсырды

Жамбыл облысында жасөспірімдерді өз-өзіне қол жұмсауға итермелеген не жағдай?

Қызылордада «Таза Қазақстан» экологиялық акциясы аясында кезекті ауқымды шара өтті

«Әлеуметтік желі арқылы нұсқау берілген»: Алматыда оқушы қыз мектепке балта алып барған