Банк ғимаратында кепілге алынған адамдардың үшеуі шок алған

Астана қаласының қоғамдық денсаулық сақтау басқармасы бүгін елордадағы банктердің бірінде кепілге алынып, кейін босатылған адамдардың денсаулық жағдайына қатысты мәлімдеме жасады.

Алматы, NEGE. «18 маусымда ер адам елордалық банкте адамдарды кепілге алды. Олардың арасында жарақат алғандар жоқ. Жедел медициналық көмек қызметкерлері 3 адамды тексеру кезінде олардың қатты күйзеліске түскенін анықтады. Кепілге алынған адамдарды ауруханаға жатқызудың қажеттілігі жоқ», - делінген басқарманың баспасөз қызметі тартқан хабарламада.