«Банк ЦентрКредит» мемлекетке 30 млрд теңге қайтарады

«Банк ЦентрКредит» тамызда мемлекетке 30 млрд теңге қайтарады.

forbes.kz

Алматы, NEGE. Банк ЦентрКредит директорлар кеңесі 30 млн субординирленген облигацияны кері сатып алуды мақұлдады. Бұған дейін мемлекеттен алынған 30 млрд теңге көлеміндегі көмек қайтарылады.

Мұндай шешім Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Үкіметтің кеңейтілген отырысында 2017-2020 жылдар аралығында банктерге көрсетілген қолдауды еске салған мәлімдемесінен кейін қабылданды.

Бұған дейін Jusan, «Еуразиялық банк», «БЦК», «Нұрбанк», RBK және «Халық банкі» мемлекеттік қолдау алған еді. Бұл көмек, оның ішінде Ұлттық қор қаражаты есебінен де берілген, әрі оны қайтару мерзімі 15 жыл деп белгіленген болатын.

Қазір оқып жатыр

Санкциядан қалған яхталар. Ресейлік табы бар түрік капиталы Қазақстанға қалай қиындық тудыруы мүмкін?

Астаналық оқушы Harvard University-ге оқуға түсті

Ресейде жаппай төбелестен кейін ұсталған қазақстандықтар ісі СІМ бақылауына алынды

Қарағандыда 12 жасар қыз бен оның анасының өліміне күдікті ер адамның денесі табылды