Банк картасын басқа адамға бергендер жауапқа тартылады

Ішкі істер министрлігі дербес деректерді қорғауға және қаржы қызметі саласындағы қауіпсіздікті арттыруға бағытталған Қазақстан Республикасының қылмыстық заңнамасындағы маңызды өзгерістер туралы ескертеді, деп хабарлайды Polisia.kz.

pixabay.com

Алматы, NEGE. Қылмыстық кодекске жаңадан енгізілген 232-1-бапқа сәйкес, егер адам өз банктік деректерін басқа біреуге берсе, не қандай да бір пайда (ақша немесе мүлік) алу үшін, я болмаса басқа адамның пайдасы үшін төлемдер жасап немесе ақша аударса, ол қылмыстық жауапкершілікке тартылады.

Алаяқтар берілген деректерді қылмыстық кірістерді қолма-қол ақшаға айналдыру немесе басқа азаматтарды алдау үшін пайдаланады. Көп жағдайда зардап шеккендер өздерінің қылмысқа қатысушы екенін түсінбейді.

Есіңізде болсын, жеке және банктік деректер жай ғана ақпарат емес, бұл сіздің мүлкіңіздің, қауіпсіздігіңіздің және заң алдындағы жауапкершілігіңіздің кілті:

– ешқашан банктік деректеріңізді үшінші тұлғаларға бермеңіз; 

– картаңызды немесе шотыңызды беру арқылы "оңай ақша табуға" келіспеңіз; 

– күдік туындаған жағдайда банкке немесе құқық қорғау органдарына хабарласыңыз.

Қазір оқып жатыр

Біріккен Араб Әмірліктері ОПЕК-тен шығу туралы шешім қабылдады

Үйқамақта болуы тиіс Олеся Кексель Алматы әуежайында не істеп жүр?

Жамбыл облысында экс-депутаттың партиядан шығарылуына қатысты іс қайта қаралады

АМӨЗ-дегі экологиялық жанжал және Атырау тұрғындарының денсаулығы: деректер не дейді?