Бангладеште жойқын дауылға байланысты тұрғындар эвакуацияланды

Бангладеште 'Ситранг' дауылына байланысты жүздеген мың адам қауіпсіз жерге көшірілді, деп хабарлады «Хабар24». Дүлей жел бүгін елдің оңтүстік ж

ағалауына сағатына 90 шақырым жылдамдықпен соғады деп күтіліп отыр.

Алматы, NEGE. Осыған байланысты ел аумағында 3 миллион адамды паналататын 7 мыңдай қауіпсіз орталық ашылған. Жағажайға жақын қалалар мен ауылдарға алдын-ала іздестіру-құтқару топтары орналыстырылып жатыр. Ал ауа райын болжаушылардың хабарлауынша, дауылмен бірге қалың жаңбыр жауып, су тасқыны жүру қауіпі жоғары.