Бангладеште вакцина тапшылығы қауіп төндіріп тұр

Эпидахуалы қатты ушыққан Үндістанмен көршілес Бангладеште де коронавирус өршіп барады.

Алматы, NEGE. Әсіресе, COVID-19-дың жұғу деңгейі жоғары штамдары кеңінен тарала бастаған. Бұған дейін бұл мемлекетте оңтүстікафрикалық мутация көбірек кездескен еді. Елдің денсаулық сақтау саласының сарапшылары «вакцина жетіспей жатыр» деп дабыл қағуда. Бұған себеп – Үндістаннің екпе экспортын уақытша тоқтатып қоюы. Үнді елі Бангладешке маусым айына дейін 30 миллион доза вакцина жеткізуі тиіс болатын. Бірақ ақпаннан бері 7 миллион доза ғана жеткізілген.

Қазір оқып жатыр

Алматы облысында Отан қорғаушылар күні айрықша аталып өтті

Ұрып-соғып, үтікпен күйдірген: Шымкентте балаларына қорлық көрсеткен ана сотқа тартылды

Қытайда екі экс-қорғаныс министрі өлім жазасына кесілді

Үкімет курьерлер мен таксишілерге төленетін әлеуметтік төлемдер мәселесін шешу жолын іздестіруде