Бангладеш пен Мьянма жағалауында жойқын дауыл соқты

Бангладеш пен Мьянма жағалауларына қуатты циклон келіп, бесінші деңгейлі дауыл соқты, деп хабарлады ҚазАқпарат.

Алматы, NEGE. Мокко циклоны нөсер жауын мен 195 км/с дейін жылдамдықтағы жел әкеледі. Оның салдарынан Бенгал бұғазы маңында қауіпті су тасқыны болуы мүмкін. Төрт метрге дейін биіктіктегі толқындардың кесірінен ауылдарды су басуы, әлемдегі ең ірі босқындар лагері саналатын Кокс-Базарға қауіп төндіруі мүмкін. Онда миллион адам тұрады.
Синоптиктер Бангладеште соңғы жиырма жылдағы ең қуатты циклон болуы мүмкін екенін ескертті.
500 000-ға жуық адам қауіпсіз аймаққа эвакуацияланды.

Қазір оқып жатыр

Алматы әуежайын су басты

Алматы облысында «Тазалық күндері»: 39 мың адам қатысып, 760 тонна қоқыс жиналды

Тоқаев өзіне сыйға берілген тұлпарларды қарап шығып, оларға жем берді

Жетісу облысында «Сиверс алма ағашының гүлдеуі» фестивалі жоғары деңгейде өтті