Бангкок пен Алматы арасында тікелей әуе рейсі ашылады

1 желтоқсаннан бастап Бангкок пен Алматы арасында тікелей әуе бағыты ашылады. Бұл туралы Алматы қаласының Туризм басқармасы хабарлады.

ғаламтордан

Алматы, NEGE. Жаңа рейсті Thai AirAsia X әуе компаниясы жүзеге асырады. Туризм басқармасының мәліметінше, бұл бағыт Қазақстан мен Таиланд арасындағы туристік байланысты нығайтып, Оңтүстік-Шығыс Азиядан келетін саяхатшылар үшін Алматыға сапарды айтарлықтай жеңілдетеді.

– Бұл қадам Алматы қаласының Орталық Азиядағы ірі туристік орталық ретіндегі беделін арттыруға ықпал етеді. Thai AirAsia X компаниясының басшылығымен ынтымақтастықты дамыту мақсатында Алматыда арнайы кездесу өтті, – делінген басқарма хабарламасында.

Қазір оқып жатыр

Прокурор ерлі-зайыпты Жаныбыловтарды 4 жылға бас бостандығынан айыруды сұрады

Алматылықтардың көлік салығы 7 млрд теңгеден асқан

Жүргізушіге ым-ишара тілінде көмек көрсеткен полицей елдің ықыласына бөленді

Қызметкерін зорлады деп айыпталған Әмір Шайкежанов 5 жылға сотталды