29 декабря 2025 г. 11:58

Балушкинге тиесілі болған «Нұртау» курорты саудаға шығарылды

Фото: goldenaltay.kz

Шығыс Қазақстан облысында орналасқан «Нұртау» тау-шаңғы курорты саудаға шығарылды. Бұған дейін бұл нысан бизнесмен Анатолий Балушкиннің меншігінде болған.

Астана, NEGE. Курорт құрамына кіретін ғимараттар мен жер телімдерінің жалпы құны 11,8 млрд теңге. Алайда сауда шарты бойынша нысан мемлекеттік заңды тұлғалардың балансына тегін берілмек.

Қазір курорт Қаржы министрлігінің Шығыс Қазақстан облысы бойынша Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру департаментінің балансында тұр.

2025 жылғы сәуірде Қазақстан соты «Бипэк Авто – Азия Авто» компаниялар тобының бұрынғы басшыларына сырттай үкім шығарды. Анатолий Балушкин 9 жылға бас бостандығынан айырылды.

Ал 2022 жылы осы іс аясында сотқа 77 жылжымайтын мүлік нысанын сотқа дейін тәркілеу туралы өтініш жолданған. Олардың қатарында «Рахмановские ключи», «Нұртау» және «Порт Фортуна» демалыс базалары бар.