Балтық жағалауы елдері 15 мамырда шекарасын аша ма?
Латвия, Эстония және Литваның премьер-министрлері 15 мамырда елдер арасындағы шекараны ашу туралы келісімге келді.
Алматы, NEGE. Бұл туралы Латвия министрлер кабинетінің басшысы мәлімдеді. «Бүгін бейнеконференция барысында біз Литва мен Эстония премьер-министрлерімен бірге шекараны ашу туралы келісімге келдік. Балтық жағалауы елдерінің тұрғындары осы елдер арасында оңай жүріп-тұра алады», - деп жазды Кришьянис Кариньш. Айта кетсек, Латвияда төтенше жағдай режимі әлі де сақталуда.