14 августа 2022 г. 9:09
Балташ Тұрсынбаев өмірден озды
Мемлекет және қоғам қайраткері, оппозициялық саясаткер Балташ Тұрсынбаев 76 жасында өмірден озды. Қазаның себебі – жүректің кінәраты.
Алматы, NEGE. Балташ Молдабайұлы әр жылдары (1992-1993, 1998-1999) премьер-министрдің орынбасары, Қауіпсіздің кеңесінің хатшысы (1995-1996), Түркиядағы елші (1996-1998), Қостанай облысының әкімі (1993-1995) лауазымын атқарды.
Б.Тұрсынбаев соңғы жылдары оппозицияға ойысып, экс-президент Н.Назарбаев пен оның айналасындағыларды қатаң сынап жүрген еді.
Балташ Молдабайұлы екі күн бұрын ғана порталымызға сұхбат беріп, өткір пікір айтқан болатын.
NEGE порталының ұжымы саясаткердің туған-туыстары мен әріптестеріне қайғырып көңіл айтады.