Балконда кәуап пісірем деп жазаға тартылды

Павлодарда жергілікті тұрғын көп қабатты үйдің балконында кәуап пісіргені үшін тиісті жазасын алды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Алматы, NEGE. Тұрғын өз әрекетін телефонға түсіріп, әлеуметтік желіде жариялаған. Учаскелік полиция инспекторлары ол адамды тез анықтады.
Ол Назарбаев көшесіндегі көп қабатты үйдің тұрғыны болып шықты. Балконда от жағып, кәуап пісіргені – өрт қауіпсіздігі ережелеріне қайшы келіп, басқа тұрғындардың өміріне қауіп төндірді. Павлодар қаласы Төтенше жағдайлар басқармасының қызметкерлері кебаб ұнататын адамды ҚР ӘҚБтК 410 бабы (өрт қауіпсіздігі талаптарын бұзғаны немесе сақтамағаны үшін) бойынша әкімшілік жауапқа тартты.

Қазір оқып жатыр

Алматыдағы жол апаты: қала әкімі бір аптадан кейін көңіл айтып, полицияға тапсырма берді

26 наурыз – Халықаралық Арал күні болуы мүмкін

Халықаралық әріптестік нәтижесінде киберқылмыс деңгейі 4 пайызға төмендеді

Алматыда науқастың ұлы жедел жәрдем қызметкерлерін пышақпен қуған