Балқашта сабын цехы ашылды

Балқаш қаласында сабын шығаратын шағын кәсіпорын іске қосылды. Шикізатқа қоспасыз табиғи таза өнімді пайдаланады, деп жазды 24.kz.

Алматы, NEGE. Малдың майын жақын маңдағы шаруалардан сатып алады. Жас кәсіпкер Ержан Жандығұл бизнесін бастамас бұрын Алматыда арнайы білім алып, жасау технологиясын үйренген. Кейін 3 миллион теңгеге қондырғы сатып алып іске кірісті.

Сабынды «Балқаш» деп атап, туған қаласының атын брендке айналдырған. Қазір жергілікті зауыт тұрғындарды, отандық өніммен қамтып отыр, бірнеше дүкенмен де келіссөз жүргізген. Алдағы уақытта өнімнің түрлерін көбейтіп, маңайдағы ауылдарға сатпақ ойы бар.

 «Тұтынушылар бар. Қазір үйреніп алып жатыр. Біз қазір сапаға жұмыс жасап жатырмыз, саны да аз емес. Алдағы жоспар осыны дұрыстап дамыту. Екіншіден, осы кір сабынның сұйық түрі бар, соны, сосын иіс сабын дейді ғой, соны қолға алмақ мақсатымыз бар»,– дейді кәсіпкер Ержан Жандығұл.

Қазір оқып жатыр

Тоқаев Түркі мемлекеттері ұйымын әскери альянс ретінде сипаттайтындарға жауап берді

Нұрәлі Әлиев нағашы әжесі Сара Назарбаеваның ісін қолға алмақ

Қырғызстанда ММА шебері Медет Жээналиев қаза болды

1 маусымда «Алматы жастары» бағдарламасына өтінім қабылдау басталады