Балқашта заңсыз балық аулаған браконьер ұсталды

Балқашта заңсыз балық аулаған браконьер ұсталды, деп хабарлайды Polisia.kz.

Полиция

Алматы, NEGE. Қарағанды облысында табиғатты қорғау мақсатында жүргізіліп жатқан «Браконьер» жедел алдын алу іс-шарасы барысында Балқаш көлінде заңсыз балық аулаған азамат қолға түсті.

Табиғатты қорғау полициясы мен балық шаруашылығы инспекциясының қызметкерлері мұз астынан балық аулап отырған 40 жастағы ер адамды дәл әрекет үстінде ұстаған. Тексеріс барысында оның ешқандай рұқсат құжаттары жоқ екені анықталды. Сонымен қатар, ол заңсыз балық аулауға тыйым салынған ау қолданған. Полицейлер ер адамнан жалпы салмағы 59 келі көксерке балығын тәркіледі.

Мамандардың есебіне сүйенсек, браконьердің бұл әрекетінен табиғатқа келтірілген шығын көлемі шамамен 500 мың теңге. Қазіргі таңда аталған дерек бойынша қылмыстық іс қозғалып, тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.

Қазір оқып жатыр

Түркістан облысында жас келіншек сәбиін 800 мың теңгеге сатпақ болған

Алматы облысында офицер қоластындағы қызметкерге күш қолданған

Қазақ құрылыс және сәулет ғылыми-зерттеу институтынан 921 млн теңге өндірілді

Қазақстанда медианалық жалақы 340 мың теңге болды