Балық өсірушілерге мемлекет тарапынан субсидия және ғылыми қолдау көрсетіледі

«Акваөсіру туралы» заң жобасына қосымша мемлекеттік қолдау шаралары енгізіледі.

pixabay.com

Алматы, NEGE. Бұл – субсидиялау, жеңілдетілген кредит, ғылыми сүйемелдеу және еңбек өнімділігін арттыруды ынталандыру. Сондай-ақ балық өсіру үшін су беру жөніндегі қызметтердің құнын субсидиялаудың жаңа түрі қарастырылады.

Субсидиялау Агроөнеркәсіптік кешенді субсидиялаудың мемлекеттік ақпараттық жүйесі арқылы жүзеге асырылады. Мемлекеттік қолдау шараларының тиімділігін қамтамасыз ету үшін кәсіпкерлік субъектілеріне қарсы міндеттемелерді енгізу жоспарланған.

Мемлекеттің жаңа өндірістерді құруға және жұмыс істеп тұрған өндірістерге демеу көрсету мақсатымен бюджет қаражаты есебінен бизнесті ақпараттық-талдамалық және ғылыми-әдістемелік қолдауды ұсыну арқылы инвестициялық жобаларды ғылыми сүйемелдеу енгізіледі.

Бұл балық өсірушілердің құзыретін арттыруға, ғылымға негізделген ұсынымдар әзірлеуге, биотехнологиялық процестерді құруға және өндіріске инновациялық технологияларды енгізуге мүмкіндік береді. 

Қазір оқып жатыр

Ақтөбеде Жеңіс күніне арналған еске алу шаралары өтті

Тоқаев Мәскеудегі Жеңіс күніне арналған әскери шеруге қатысты

Қонаевта Жеңіс күніне орай боздақтар рухына тағзым жасалды

Астанадағы плац-концертте «Арланнан» түтін шықты