Бали аралында коронавирусты жұқтырғандар саны күрт артты

Индонезияның Бали аралында соңғы аптада коронавирусты жұқтырғандар саны күрт өсті. Курорттық аймақта дерт күн сайын 200-ге жуық адамнан анықталуда.

Алматы, NEGE. Соңғы 1 жарым айда Балиде науқастардың жалпы саны 6 мыңнан асқан. Бұған биліктің жергілікті экономиканы қалпына келтіру үшін шілде айының соңында ішкі туризмді ашуы себеп болған. Осыған байлансты кей сарапшылар вирус ең көп таралған аймақтардан саяхатшыларды қабылдауды тоқтатуды сұрап отыр. Жергілікті үкімет бұған дейін шетелдік туристерді биылғы жылдың соңына дейін қабылдамау туралы шешім шығарған. Дева Маде Индра, Бали провинциясының хатшысы: - Аралда ішкі туризм ашылғаннан бері адамдардың еркін жүріп тұруына рұқсат етілген. Азаматтар шектеулер жеңілдетілді деп бетперде тағу әлеуметтік арақашықтықты сақтау сынды шараларға немқұрайды қарай бастады. Сондықтан әкімшілік шараларды күшейту керек.

Қазір оқып жатыр

Тоқаев: Біріккен Ұлттар Ұйымына реформа жасау керек

Ақтөбеде 20 күн бұрын жоғалып кеткен баланың денесі өзеннен табылды

«Көліктер жүзіп барады»: Нөсер жаңбырдан Алматы көшелерін су басты

4 жылдан кейінгі алтын: дзюдошы Әділет Алмат Азия чемпионы атанды