Балауса Бердімбетова, адвокат: Судьялар қолынан келсе, қонышынан басады
Елімізде жемқорлық дерті асқынып тұр. Бұл туралы Президент Қ.Тоқаевтың өзі арнайы кеңес өткізіп, сыбайлас жемқорлықпен күрестің бәсеңдеп қалғанына алаңдаушылық білдірді. Неге? Себебі де түсінікті. Бұл жеті басты айдаһар сияқты, бірін шапса, орнына басқасы шығады.
Жемқорлықпен ұсталып, істі болған шенеуніктерге қатысты сот процесі туралы «Время» газеті үнемі жазып келеді. Әсіресе, лауазымды тұлғалардың «тағдыры» шешілетін кезде әділ соттың кенеттен әу бастағы инстанциядан ауытқып кететін кездері де жоқ емес. Тіпті, азаматтық және экономикалық пікірталасқа әкелетін қылмыстық істердің жәй-жапсары жайында ойын білдірген адвокат Балауса Бердімбетова кейбір сот шешіміне таң қалатынын жеткізді.
«Мәселен, «ҚазМұнайГаз» Барлау Өндіру» АҚ басшысы болған Серік Баймұханбетовке қатысты сот процесінің өзі ойландырып тастады. Тергеу кезінде жымқырылған ақшаны өтеуі, сосын ол қаржыны қайтарып алуы – сирек кездесетін жағдай. Сондықтан осы істің экономикалық дау туғызатын жағын қарап шығып, судья Алма Мұхамедьярова мен Гүлбарам Есжанованың қызметіне де көңіл бөлдім. Сол кезде көз алдымда қызықты картина пайда болды», – деді авдвокат Балауса Бердімбетова.
Оның айтуынша, экономикалық мәселеге қатысты даудың өзі шым-шытырық. «Әсіресе, бұл компанияның бірнеше қожайынының арасындағы талас-тартыс болса, тіпті осы ұйымның іс-әрекетіне мемлекеттік орган тарапынан шағым түссе өте қиын. Ашық ақпарат көздерінің көмегі арқылы сот процесіне қатысты құжаттар тауып алып, қандай жағдайда шешімнің түбегейлі өзгеріске ұшырағанын білдім. Ең әуелі «Эксимбанк» АҚ «Алмалы Проминвест» ЖШС-ның 20 млн доллар көлемінде қарыз екенін жазалау талабынан бастағым келеді. Белгілі болғандай, бұл банктің лицензиясы қайтарылса да, қарызды өтеу жалғасуда», – дейді адвокат.
Оның пікірінше, «Эксимбанк» пен «Алмалы Проминвест» арасындағы даулы мәселенің төркіні – қарыздың көлемінде. «Арыз берушінің пікірі бойынша, қарыз 20 млн-ға жеткен. Ал жауап беруші бұл цифрмен келіспейді. Судья Алма Мұхамедьярова бұл ақшаға қосылған үстемақыны да барынша азайтып, қарыз 3 млн теңгеге қысқарған. Сондай-ақ, сот қарыз есебінде «Алмалы Проминвесттің» кепілге қойған мүлігін 100 пайыз есебінде «АТП-Инвест» ЖШС-ға өндіріп берген» дейді авдокат.
Судья Мұхамедьяровның дәлелі Алматы қалалық сотының апеляциялық сатысында тексерілді. Сол кезде кепілдік мүліктің иесі өзгеріп кеткені белгілі болды. Ал экономикалық сотта бұл дәлел мүлдем ескерілмегенін айтқан авдокат Балауса Бердімбетова компанияға иелік етушілердің мүлкі қайта тіркелген барлық процедура заңға сәйкес жүргізілгенмен, неге екені белгісіз, судья Мұхамедьярова «АТП Инвесттің» бұрынғы қожайындарын үшінші жақ ретінде сотқа тартқанына күмәнмен қарайды. Алайда, олардың бұл іске ендігіде ешқандай қатысы жоқ екен. Нәтижесінде іс қайтадан мамандандырылған экономикалық сотқа (СМЭС) түсіп, жауап берушіден 16,4 млн доллар өндіріп алу туралы шешім шығады. Бірақ «АТП-Инвест» ЖШС ретінде кепіл қаржыны қайтарып алуға болмайтыны да айтылған. Осы дәлелді де судья Мұхамедьярова ескермегені қызық.
Сондай-ақ, заңгер судья Мұхамедьярова қарастырған мемлекеттік органдар мен жекеменшік компания арасындағы даулы мәселе туралы да тереңнен зерттеп көріпті.
– 2019 жылдың тамызында судья Мұхамедьярова Алматы қаласының қала құрылысын бақылау басқармасына қатысы бар Real Estate&Construction Group ЖШС және «Азаматтар үшін үкімет» мемлекеттік корпорациясының арызы жөнінде шешім шығарады. Талаптың мән-жайы былай: арыз берушінің қалада екі жер учаскесі болған. Ол тағы бір жерге иелік еткісі келіп, барлық жерін біріктіріп ірі инвестициялық жобаны жүзеге асыруды көздейді. Алайда, мемлекеттік органдар компанияның әлгі екі учаскені бос жатқызбай бір іс бастауын талап етеді. Егер олай етпеген жағдайда жерді алып қоятыны туралы да ескертілген. Осыған байланысты бұл мүлік ауыртпалық ретінде қарастырылады. Судья Мұхамедьярова Real Estate&Construction Group өкілдерінің пікірін қаперге алып, мұны ауыртпалықтан алып тастаған, – дейді авдокат.
Бұдан кейін тараптар Алматы қалалық сотында кездеседі. Апелляциялық инстанция мемлекетік органдар тарапынан арыз берушінің құқы бұзылмағанын көрсеткен. Алайда, мәселе жер учаскелерін тартып алып, оны коммуналдық меншікке өткізу жайында емес. Мемлекеттік органдар бұл жерге иелік еткен соң, құрылыс жұмыстары жүру керек деп есептейді. Бірақ жер ешқандай мақсатқа сай игерілмеген. Сондықтан судья Мұхамедьярованың шешімі өзгеріске ұшырап, Real Estate&Construction Group компаниясының талаптарын қанағаттандыру мәселесі толыққанды құпталған жоқ.
Адвокат Бердімбетова бұл пікірі арқылы судья Мұхамедьярованы қаралаудан аулақ екенін тілге тиек етеді. «Өкінішке қарай, біздің соттарда экономикалық даулы мәселелер ұзаққа созылып, өте ауыр өтеді. Тіпті, көп жағдайда сот шешімі 180 градусқа өзгеріп кетуі де ғажап емес. Оған мысал да жеткілікті. Мәселен, Алматы әкімшілігі мен «Көк-Төбе» Паркі» ЖШС арасындағы дауды алайық. Компания шамамен 84 гектар жерді ұзақ мерзімді жалға алып, бірқатар нысан салады. Біраз уақыттан кейін ЖШС осы учаскенің нысан салынып кеткен біршама бөлігін сатып алу жөнінде мемлекеттік органдарға өтініш түсіреді. Әлбетте, әкімшілік қарсылық танытып, ақыр соңында дау сот процесіне ұласып кетеді. Алматы қаласының мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотының судьясы Ералы Бекбаев «Көк-Төбе» Паркі» ЖШС-ның арызын қанағаттандырса, апелляциялық инстанция құрамындағы әріптестері – судья Қасейінова, Есжанова, Нұралиевалар да қарама-қарсы шешім қабылдаған. Іс Жоғарғы сотқа жетіп, қалалық соттың қаулысын жоққа шығарды. Нәтижесінде жаңа апелляциялық құрам судья Бекбаевтың шешімімен келіседі. Жоғарғы сот бұл мәселені екінші рет қарап, істің мемлекеттік органның пайдасына шешу туралы соңғы шешім шығарғаны есте. Осыған қарап, жер мәселесіне қатысты дау дүдәмал сұрақтың туындауына әкеп соғатынын аңғаруға болады.
«Мұндай мысал көп. Соның бірі – «Сити Сервис Инвест-Строй» ЖШС мен «Алматықалажер» ЖШС арасындағы бір жылға созылған сот процесі. Әкімшіліктің «Алматыжер» компаниясы қала тұрғындарынан құрылыс салу үшін жер сатып алады. Экономикалық сот арыз берушінің талабын қанағаттандырып, келісім шартты бұзады да, «Алматықалажер» 100 млн теңгені залалды өтеу есебінде төлеу керек болады. Қалалық соттың апелляциялық ұжымы шешімді еш өзгеріссіз қалдырса, Жоғарғы сот бұл қаулыны іске асырмады. Сонда әділетті шындыққа қол жеткізу үшін қайтпек керек?
«Алайда, сот ақ пен қараны анықтап, шынайы шешім шығару керектігін білсе де, заңды белден басатыны өкінішті. Бір судья заң талаптарына мойынсұнса, келісі судья мүлдем басқа жолды таңдайды. Көбінесе соңғысына басымен кетіп қалатындар бар. Сондықтан қарапайым азаматтардың сот жүйесіне деген сенімі азайған», – дейді адвокат.