Баласын бақылаусыз жіберген ата-аналар әкімшілік жауапқа тартылды

Ақтөбеде ювеналды полиция қызметкерлері рейд жүргізді. Полиция бөліміне барлығы 46 бала жеткізілді, деп хабарлайды ҚазАқпарат

.

Алматы, NEGE. Кәмелетке толмағандар арасындағы құқық бұзушылықтың алдын алу мақсатында Ақтөбе қаласы ПБ ювеналды полиция қызметкерлері күн сайын рейд жүргізеді. Ювеналды полиция қызметкерлері бір тәулікте кәмелетке толмаған 46 баланы бөлімшеге жеткізді. «Бір жасөспірімнен пышақ тәркіленді. Барлық баланың ата-анасына түсіндіру жұмысы жүргізілді. Сондай-ақ ҚР ӘҚБтК 442-баптың 2-бөлігі бойынша 26 ата-ана әкімшілік жауапқа тартылды. Балалардың өмірі мен денсаулығын сақтау - ересектердің басты міндеті. Ақтөбе қаласының полиция басқармасы балаларының жүрген жерін бақылауды және демалыстың сәтті өтуі үшін барлық жағдайды жасауды сұрайды»,- деді облыстық ПД баспасөз қызметінің жетекшісі Ерболат Сарқұлов.

 

Қазір оқып жатыр

Маңғыстауда алғаш рет шала туған нәрестелердің көзіне күрделі ота жасала бастады

2024 жылғымен бірдей шықты. Ағайынды Тастекейлер былтыр НЕГЕ көтеріле алмады?

Денсаулық сақтау саласының үздігі Бақыт Түменова дүние салды

«Қайрат» бас бапкерімен қоштаса ма?