Баласын батареяға байлап қойып ұрған әйел қамауға алынды

Әлеуметтік желіде баланы жылыту батареясына байлап қойып, ұрып жатқан әйелдің видеосы тарады. Полицейлер әйелдің қамауға алынғанын хабарлады.

Видеодан скриншот

Астана, NEGE. Бұл факт бойынша қылмыстық іс қозғалды.

«Жаркент қаласындағы WhatsApp топтарында таралған бейнежазба бойынша Панфилов аудандық полиция қызметкерлері жедел түрде тексеру жүргізді. Тексеру барысында 28 жастағы әйелдің кәмелетке толмаған баласына дене жарақатын салғаны анықталды.

Әйел полиция бөліміне жеткізіліп, уақытша ұстау изоляторына қамалды», – деп мәлімдеді Жетісу облысы полиция департаментінің бастығы Руслан Чарапиев.

Екі бала қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында мән-жай анықталғанға дейін Отбасын қолдау орталығына орналастырылды.

Полицейлер Қорғаншылық және қамқоршылық органынына әйелді ата-ана құқығынан айыру мәселесін қарау туралы ұсыныс жолданатынын атап өтті.

Тергеу барысын Полиция департаментінің басшылығы бақылауға алды. Тергеу нәтижесі бойынша кінәлі тұлға Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жауапкершілікке тартылады. 

Қазір оқып жатыр

Біріккен Араб Әмірліктері ОПЕК-тен шығу туралы шешім қабылдады

Үйқамақта болуы тиіс Олеся Кексель Алматы әуежайында не істеп жүр?

Жамбыл облысында экс-депутаттың партиядан шығарылуына қатысты іс қайта қаралады

АМӨЗ-дегі экологиялық жанжал және Атырау тұрғындарының денсаулығы: деректер не дейді?