12 июля 2022 г. 11:43

Баланы құтқармақ болған: Құтқарушылар су қоймасында ағып кетті

Фото:

Су қоймасында ағып бара жатқан баланы құтқармақ болған құтқарушылардың өздері ағып кеткен.

Алматы, NEGE. Әлеуметтік желіде баланы құтқару сәтінің видеосы тарауда. Видеоға қатысты нақты ақпарат жоқ. Оқиғаның қай жерде болғаны да белгісіз. 

Аталмыш видеоға қатысты Қазақстан Төтенше жағдайлар министрлігі пікір білдірді.

"WhatsApp мессенджері арқылы тарап жатқан видеоға қатысты. Қазақстан аумағында мұндай дерек тіркелген жоқ, кезекшіге қоңырау шалынбаған, форма да біздікі емес", - деді Төтенше жағдайлар министрлігінің ресми өкілі Талғат Уәли.

Тегтер: