Баландинге екінші орын бұйырды

Түркияның Ыстанбұл қаласында жүзуден ересектер мен жастар арасында ашық халықаралық турнир өтіп жатыр, деп хабарлайды Olympic.kz.

Алматы, NEGE. Бұл, қазақстандық спортшылардың Олимпиада алдындағы оқу-жаттығу жиындары аясындағы жарысы. Оның нәтижесі бойынша Қазақстан құрамасы төрт медаль жеңіп алды.

Атап айтқанда, 100 м қашықтықта «баттерфлай» әдісімен жүзу бойынша Әділбек Мусин топ жарды.

Дмитрий Баландин 50 м дистанцияда күміске ие болды.

Ал Әділ Қасқабай еркін стильде 100 м қашықтықта жүзу бойынша төртінші орыннан көрінді.

Әйелдер арасында брасс бойынша 50 метрді Аделина Пчелинцева бірінші болып жүзіп өттті.

Анастасия Резванцев 200 м қашықтықта екінші орынға жайғасты.

Айта кетерлігі, аталған жарыс 21 наурызға дейін жалғасады.

Қазір оқып жатыр

Дубай соты қазақстандық бизнесмендерге 950 мың доллар айыппұл салды

Астана тұрғынының пәтерінен 20 мың доллар мен зергерлік бұйымдар ұрланды

Қазақстанның мемлекеттік қарызы бір тоқсанда 400 млрд теңгеге жетті

Чемпиондар вагоны: қарағандылық бишілер желіні тәнті етті