Балаларға қателесіп басқа вакцина салған

Германиядағы вакциналау орталықтарының бірінде мамандар қателесіп, үш оқушыға Moderna екпесін салған.

Алматы, NEGE. Бірақ балаларға «Пфайзер-Байонтек» вакцинасы қарастырылған болатын. Жергілікті билік өкілдерінің айтуынша, оқыс оқиғадан ата-аналар да, полиция да хабардар. Өз кезегінде тексеріс жүргізген денсаулық сақтау министрлігі оқушылардың жағдайы жақсы екенін айтып, препараттың ешқандай жанама әсері байқалмағанын хабарлады. Айта кетейік, Германия желтоқсаннан бастап 5 пен 11 жас аралығындағы балаларға «Пфайзер-Байонтек» препаратын сала бастады. Ал «Модерна» әзірге 12 жастан асқандарға ғана рұқсат етілген. 

Қазір оқып жатыр

Баян Алагөзова Меруерт Өтекешоваға пәтер сыйламақ

Ақтау теңіз портының бұрынғы басшысы сотталып, сот залында босатылды

Қазақстанда соғыс ардагерлерінің әрқайсысына 10 мың доллардан көмек берілді

Оралда өлім себебін жасырған сарапшы сотқа тартылды