Балаларға қандай үйірмелер мен секциялар тегін?

ҚР Мәдениет және спорт министрлігі Мәдениет комитеті төрағасының орынбасары Күміс Сейітова балаларға арналған қандай үйірмелер мен секциялар мемлекеттік тапсырыспен төленетінін айтып берді.

Алматы, NEGE. «Шығармашылық үйірмелердің бекітілген тізімінде 9 бағыт бойынша 59 үйірме бар. Олар – би, бейнелеу өнері, сәндік-қолданбалы шығармашылық, театр және кино, заманауи арт-индустрия, вокал, аспаптық орындау, музей ісі және әдеби үйірмелер», – деді спикер Орталық коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз мәслихатында.

Комитет өкілі әр өңірде шығармашылық үйірмелер жыл сайын балалардың қажеттілігіне және қызмет көрсетушілер мүмкіндігіне байланысты, көзделген нысаналы қаражат шегінде жұмыс істейтінін айтты.

«Бірінші кезекте платформада шығармашылық үйірмелердің жұмысын ұйымдастыруға дайын қызмет көрсетушілер тізімі жасалуы тиіс», - дейді Күміс Сейітова.

Қазір оқып жатыр

Атырау облысындағы отбасы өлімі: тергеу аяқталды

Перуашевтің орынбасары мен генерал-майор Воронкинге үкім шықты

ШҚО-дағы Артемьев шахтасында жұмысшы қаза тапты

Ақтөбеде Жеңіс күніне арналған еске алу шаралары өтті