Балаларға базарлық

Алматы қаласында 2020 жылдан бастап қосымша аз қамтылған отбасылардан шыққан балалар үшін заттай қолдауды қамтитын кепілді әлеуметтік пакет қарастырылып отыр. Бұл туралы Алматы қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі  хабарлады.


Алматы. NEGE. Пакетке мыналар кіреді:
- мектеп жасына дейінгі балалар үшін (1 жастан 6 жасқа дейін) - балалар тағамы және гигиеналық керек-жарақтары;
 - мектеп жасындағы (6 жастан 18 жасқа дейін) балалар үшін жаңа оқу жылынан бастап - мектептерде ыстық тамақ, мектеп киімдері мен керек-жарақтарын сатып алу және жол жүру шығындарын өтеу.
Айта кету керек, атаулы әлеуметтік көмек отбасының еңбекке қабілетті мүшелері жұмыспен қамтуға жәрдемдесудің ұсынылған шараларынан бас тартқан жағдайда қарастырылмайды және балаларға белгіленген төлемдер жойылады.

 

Қазір оқып жатыр

Қаржы мониторингі агенттігінің желі қолданушыларын «аңдитыны» рас па?

Өскеменде полицейді жарақаттады деген күдікпен екі адам ұсталды

Танымал дзюдошы Әбиба Әбужақынова сүйінші жаңалығын бөлісті

Атырауда түрмедегі төбелестен кейін бір адам көз жұмды