Балаларға арналған вакцинаның атауы қалай қойылуы мүмкін?

Гамалея атындағы эпидемиология және микробиологияны зерттеу орталығы жасаған балаларға арналған коронавирусқа қарсы вакцина атауы "Спутник М" қойылуы мүмкін. Бұл туралы орталық директоры Александр Гинцбург мәлімдеді.

Алматы, NEGE. "Спутник" болып қалатын шығар, туберкулезге қарсы вакцина сияқты оған да М әрпі қосылуы керек. "Кішкентайлар" дегенді білдіреді", - деді Гинцбург.

Бұған дейін Ресейдің Денсаулық сақтау министрлігі Гамалея Ұлттық эпидемиология және микробиология ғылыми-зерттеу орталығынан жасөспірімдерде COVID-19-дың алдын-алу үшін "Гам-КОВИД-Вак-М" вакцинасын тіркеуге құжаттар алған. Вакцина тіркелген жағдайда жасөспірімдерге екпе ерікті түрде болады, деді елдің денсаулық сақтау министрінің көмекшісі Алексей Кузнецов.

Қазір оқып жатыр

Балқаш жағалауында салынатын АЭС құрылысының барысы пысықталды

«Жалақы төмен, талап көп»: Астанадағы Maxi Шай қызметкерлері шағымданды

Тоқаев Түркі мемлекеттері ұйымын әскери альянс ретінде сипаттайтындарға жауап берді

Нұрәлі Әлиев нағашы әжесі Сара Назарбаеваның ісін қолға алмақ