Балаларға қаржылық сауаттылықты үйрететін жаңа мультфильм жарық көрді

Қаржылық мониторингі агенттігі «Заң және тәртіп» нормативі аясында қаржылық қауіпсіздік тақырыптарына арналған мультфильмдер циклын іске қосты.

ҚМА

Алматы, NEGE. Бүгін Балаларды қорғау күніне орай, қалың көрермен арасында танымал «Қошқар мен Теке» мультфильмінің алғашқы сериясы жарыққа шықты.

Алғашқы серия қаржы пирамидалары тақырыбына арналады. Балалар сүйіп көретін кейіпкерлер көрермендерге алаяқтық схемаларды қалай анықтап, өздерін және жақындарын қаржылық алдаудан қалай қорғауға болатынын түсіндіреді.

— Мультфильмдер циклы балалар аудиториясына бағытталған және өсіп келе жатқан ұрпақтың қаржылық сауаттылығы мен құқықтық санасын қалыптастыруды мақсат етеді. Келесі бөлімдерде лудомания, дропперлер, интернет-алаяқтық, заңсыз микроқаржылық ұйымдардың қызметі сияқты маңызды тақырыптарды қозғайды, — делінген ҚМА хабарламасында.

Қазір оқып жатыр

Сауд Арабиясы Тоқаевтың бітімгерлік келіссөздерді Түркістанда өткізу бастамасына пікір білдірді

Air Astana ұшақтары Дубайға сәуірдің аяғына дейін ұшпайтын болды

Түркістан облысында қарт әкесін ұрып-соққан ер адамның жазасы қатаңдатылды

Алматыда бірнеше қылмысты жасырып қалған тергеуші сотталды