Балаларға арналған бірыңғай жәрдемақы енгізіле ме?

Мессенджерлер мен әлеуметтік желілерде ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі (бұдан әрі – Еңбекмині) балаларға арналған бірыңғай жәрдемақы енгізетіні туралы таралып жатқан ақпарат шындыққа жанаспайды, деп хабарлады ведомства. 

ғаламтордан

Алматы, NEGE. Мессенджерлер мен әлеуметтік желілерде дауыстық хабарламалар мен бейнероликтер арқылы балалы отбасылардағы әрбір балаға 2024 жылғы шілдеден бастап 70 мың теңге мөлшерінде бірыңғай жәрдемақы енгізілетіні туралы жалған ақпарат таратылуда. Бұл ақпарат жалған.

«Мемлекеттік қолдаудың тиісті шаралары туралы ресми ақпарат тек қана 1414 нөмірінен СМС-хабарламалар арқылы таратылады. Азаматтардан тек ресми көздердегі ақпаратты пайдалануын сұраймыз. Жалған ақпарат тарату заңмен жазаланатынын естеріңізге саламыз», - делінген хабарламада. 

Қазір оқып жатыр

Таяу Шығыстағы соғыс: Тоқаев келіссөздерді Түркістанда өткізуді ұсынды

«Бірінші кредиттік бюро» басшылығына қатысты тергеу аяқталды

Қасым-Жомарт Тоқаев Қожа Ахмет Ясауи кесенесіне зиярат етті

21 наурыз – «Ынтымақ күні»