Балалардан Кавасаки синдромы анықталды

Елімізде 114 бала коронавирус жұқтырған. Оның үшеуі Кавасаки синдромына шалдыққан. Бұл туралы Денсаулық сақтау министрлігінің ресми өкілі Бағдат Қожахметов айтты.

«13 наурыздан бері Қазақстанда коронавирус жұқтырудың 2 257 дерегі тіркелді. Оның ішінде COVID-19 жұқтырған 114 бала қазір ауруханада жатыр. Кавасаки синдромы - өте күрделі ауру, күретамырға зақым келеді. Жыл басынан бері Нұр-Сұлтан, Алматы, Петропавлда Кавасаки синдромының 3 дерегі тіркелді», – деді ол ОКҚ-нің онлайн-брифингінде.

Оның айтуынша, ауруға шалдыққан балалардың денсаулығы әртүрлі жағдайда.

«Нұр-Сұлтандағы баланың жағдайы тұрақты. Бұл – өте күрделі, өте сирек кездесетін ауру. Сондықтан оған ерекше күтім қажет» – дейді Бағдат Қожахметов

Қазір оқып жатыр

Астанада «Хан Шатыр» сауда ойын-сауық орталығы сатыла ма?

Қазгидромет 11–13 сәуірге арналған ауа райы болжамын ұсынды

Винус Уильямс Зарина Диасқа қолдау білдірді

Тоқаев Трампты «Артемида-2» миссиясының орындалуымен құттықтады