16 октября 2022 г. 9:00

Балалар түсірген бейнетаспа ұрыны ұстауға септігін тигізді

Фото:

Әлеуметтік желіде блогер болғысы келген жасөспірімдер түсірген бейнежазба кеңінен тараған. Ондағы тосыннан кадрге ілінген көрініс  полицейлерге бірнеше үйге ұрлыққа түскен ұрыны анықтауға көмектескенін жазды Polisia.kz.

 Алматы, NEGE. Нақтырақ айтсақ, аталмыш оқиға Түркістан облысы Жетісай ауданында орын алған. Көпқабатты тұрғын үйдің ауласында жүрген жасөспірімдер кенеттен көрші үйде бөтен біреу жасырынып отырғанын байқап қалады. Бір қызығы көршінің қақпасы құлыптаулы тұрған. Мұны көрген жасөспірімдер қызықты бейнежазба түсіріп алу мақсатында   ұялы телефондарын іске қосады.

 Жетісай АПБ-нің бастығы Әділбек Сапарбеков қылмысты ашуға көмектескен Назерке Қалдыбайқызы, Раяна Ерлан, Нұрасыл Нұржанұлын арнайы қонақ ретінде қабылдады. Полиция қызметкерлеріне көрсеткен көмектері үшін балаларға алғыс айтылды. Сонымен қатар спорттық киім, аяқ киім сыйлап, ата-аналарына алғыс хат табыс етілді.

Тегтер: