Балалар сабақта бетперде тағып отырады

Алматылық оқушылар маскамен қамтамасыз етіледі. Бұл туралы қалалық білім басқармасының басшысы Ләззат Жылқыбаева онлайн брифинг барысында мәлім етті.

Алматы, NEGE. Оның айтуынша, сабақ кезінде оқушылар бетперде тағып отырады.

«Балалар сабақта бетперде тағады, бірақ асхана мен дене шынықтыру сабағында тағу міндетті емес. Дене шынықтыру сабағы сыртта болатындықтан, қашықтық сақталады. Асханада біз барлық санитарлық нормалардың сақталуын талап етеміз», - деді басқарма басшысы.

Сонымен қатар, ол мектеп балаларды қажет болса маскамен қамтамасыз ететінін жеткізді.

«Оқушыларды антисептик, бетпердемен қамтамасыз ету - ата -аналардың міндеті. Бірақ, егер ата-аналардың оған мүмкіндігі болмаған жағдайда, онда мектеп қамтамасыз ететін болады»,- деді ол.

Қазір оқып жатыр

Ең қымбат күзетші. Инвестициялық қор НЕГЕ өзін-өзі асырай алмай қалды?

Әлеуметтік желілер мен интернетте заңсыз үгіт-насихат жүргізгені үшін айыппұл салынбақ

Ақтауда әскери бөлім командирі сарбаз өліміне байланысты сотқа тартылмақ

Атыраудағы отбасы қазасы: қызы туыстарының өліміне қатысы жоқ деп танылды