Балалар ойын-сауық орталығында жарылыс болды

Қызылордадағы балалар ойын-сауық орталығында жарылыс болды. Орталықтың бірінші қабаты өртке оранды, - деп хабарлайды Қызылорда облыстық ТЖД баспасөз қызметі.

Алматы, NEGE. Жарылыс бүгін сағат 7.20 шамасында болған.

«Жарылыс толқыны салдарынан ойын-сауық орталығының маңындағы 50 шаршы метр аумақта орналасқан ағаш сарай мен шатыр опырылып, Жеңіс көшесіндегі көрші үйдің терезелері де бүлінген. Өрт қызметінің бірінші бөлімшесі оқиға орнына жергілікті уақыт бойынша 7.24 -те келді, барлаудан кейін өртті сөндіруге кірісті. Жарылыс салдарынан өрт 200 шаршы метрлік балалар ойын-сауық орталығының бірінші қабатын шарпыған», – делінген хабарламада.

Құтқарушылар өртті 7.44-те оқшаулап, 8.15-те толығымен сөндірді. Өрт 200 шаршы метр аумақты шарпыған.

Қаза болғандар мен зардап шеккендер жоқ.

«Өрттің шығуының алдын ала себебі – табиғи газдың шығуы», – деді ТЖД өкілі.

Өртті сөндіруге Қызылорда облысы ТЖД-ның 48 қызметкері мен 12 техникасы, полиция департаментінің 8 қызметкері мен 3 техникасы, жедел медициналық жәрдем бригадасының 9 қызметкері мен 3 техникасы, "ҚазТрансГазАймақ" АҚ-ның 2 қызметкері мен 1 техникасы, "ҚЭТК" АҚ-ның 2 қызметкері мен 1 техникасы жұмылдырылды.

Қазір оқып жатыр

1 шілдеден бастап ипотека алу қиындай ма?

«Балапан» арнасы «продюсер зорлады» деген жігітке қатысты мәлімдеме жасады

Талғарда екі кішкентай қыздың әкесі жас жігіттің қолынан қаза тапты

Қайрат Сатыбалды ұзақ уақыттан кейін алғаш рет ел алдына шықты