Балаева мемлекеттік басылымдарды тікелей бақыламақ

Үкіметтің Ақпарат және қоғамдық даму министрі Аида Балаеваны «Егемен Қазақстан» Республикалық газеті» АҚ директорлар кеңесінің (ДК) құрамы мен «Қазмедиа орталығы» Басқарушы компаниясы» ЖШС және «Қазақ газеттері» ЖШС бақылаушы кеңестерінің (БК) құрамына тағайындау ниеті бар.


Алматы, NEGE. «ҚР ақпарат және қоғамдық даму министрі Балаева Аида Ғалымқызының «Егемен Қазақстан» Республикалық газеті» АҚ директорлар кеңесінің (ДК) құрамы мен «Қазмедиа орталығы» Басқарушы компаниясы» ЖШС және «Қазақ газеттері» ЖШС бақылаушы кеңестерінің (БК) құрамына тағайындалуы қамтамасыз етілсін», - делінген үкімет қаулысының жобасында.
Құжат қаулысы 22 маусымға дейін бұқаралық талқылауға ұсынылған.
Еске салсақ, Балаева 4 мамырда АҚДМ басшысы болып тағайындалған еді.

Қазір оқып жатыр

Түркістан облысында жалған айғақ беруге айдап салған адвокат сотталды

Қазақстанда жұмыс істейтін жастарға арналған жалдамалы тұрғын үй бағдарламасы тоқтатылды

Қазақстанның оңтүстігінде тұрғындар жер сілкінісін сезді

Әл-фараби даңғылында жол апаты: Ішкі істер министрі тергеу барысын баяндады