Балабақшалар жұмысын штаттық режимде бастайды

18 мамырдан елордадағы оңалту орталықтарының жұмысын бастауы жоспарланып отыр. Бұл туралы Нұр-Сұлтан қалалық білім басқармасының басшысы Шолпан Қадырова мәлім етті.

Нұр-Сұлтан, NEGE. «1 маусымнан барлық мектепке дейінгі ұйымдардың жұмысын штаттық режимде қайта бастау жоспарлануда. Сондай-ақ арнайы ұйымдар, психологиялық-медициналық әрі педагогикалық консультациялар, психологиялық-педагогикалық түзеу кабинеттері, оңалту орталықтары 18 мамырдан жұмысын бастауға дайын. Ерекше білімді қажет ететін әр баламен жеке жұмыстар жүргізіледі», - деді Ш. Қадырова онлайн баспасөз мәслихатында. Осы орайда ол туындаған сұрақтар бойынша ата-аналар білім басқармасының колл-орталығына хабарласа алатынын атап өтті.

Бұдан бұрын биыл 18 мамырдан бастап меншік нысанына қарамастан мектепке дейінгі барлық білім беру мекемелері кезекші топ режимінде жұмыстарын бастауға дайын. «Балабақшалар санитарлық-дезинфекциялық нормаларды қатаң сақтай отырып, баланы үйде қалдыруға мүмкіндігі жоқ жұмыс істейтін ата-аналар үшін, одан кейін ғана басқа ата-аналардың қалауы бойынша балаларды қабылдайды. Әрбір мектепке дейінгі ұйымдардың кезекші топтарында бала саны 15-тен аспауы тиіс. Егер балабақшаға келмеген жағдайда, баланың орны сақталады», - деді Ш. Қадырова.

Қазір оқып жатыр

Даниал Ахметов әкім кезінде салынған ГЭС оның ұлына 1,8 млрд теңге әкелді

Атырау мұнай өңдеу зауыты ауаны ластағаны үшін 520 млн теңге айыппұл төледі

Қостанайда масаң күйдегі бірнеше адам полиция қызметкерін тепкіге жықты

«Қолымыз байлаулы»: Саясат Нұрбек Qamalladin University жайлы сұраққа жауап берді