Балабақшалар маусымда ашылуы мүмкін

Нұр-Сұлтанда балабақшалардың жұмысы штаттық тәртіпте маусым айының ортасынан басталуы мүмкін, деп мәлімдеді елорда әкімі Алтай Көлгінов.


Алматы, NEGE. «Егер қалыпты жағдайда балабақшаға 50 мың бала баратын болса, қазір кезекші топтарға тек 3 мың ғана бала келіп жүр. Мұндай жағдайда балабақшаларды ашудың мәні жоқ. Сондықтан балабақшаларды ашу мәселесіне маусым айының ортасында ораламыз, бірақ эпидемиологиялық жағдайды да ескеретін боламыз», - деді Көлгінов сейсенбідегі брифингте.
Бұл ретте ол балабақшалардағы кезекші топтардың тек ата-анасының екеуі де жұмыста болғандықтан, баланы қарайтын ешкімі жоқ отбасылар үшін ашылғанын еске салды.

Қазір оқып жатыр

Сауд Арабиясы Тоқаевтың бітімгерлік келіссөздерді Түркістанда өткізу бастамасына пікір білдірді

Air Astana ұшақтары Дубайға сәуірдің аяғына дейін ұшпайтын болды

Түркістан облысында қарт әкесін ұрып-соққан ер адамның жазасы қатаңдатылды

Алматыда бірнеше қылмысты жасырып қалған тергеуші сотталды