Балабақшалар балаларды мектепке дейін оқытуға міндетті болады

Мектепке дейінгі дайындықтан өткен балалар 31 шілдеге дейін балабақшада қалады. Бұл норманы мәжілісмендер мәдениет және білім беру мәселелері бойынша заң жобасына өзгеріс енгізу аясында мақұлдады.

ғаламтордан

Алматы, NEGE. Бұған дейін ата-аналар балалары 6 жасқа толған соң балабақшадан босатылып, оқу жылы басталғанша мектепке де бара алмайтыны туралы шағымданған еді.

Түзетулер Оқу ағарту министрлігіне мемлекеттік тілде оқытатын бастауыш сынып оқушыларына бейімделу бағдарламаларын әзірлеуге өкілеттік береді. Бұл қазақ тілін жеткілікті меңгермеген балалардың қосымша дайындалуына мүмкіндік береді.

Сондай-ақ заң жобасында мектепке дейінгі ұйымдарды салу үшін бөлінген жер учаскелерін жеке меншікке беруге тыйым салу белгіленген.

Қазір оқып жатыр

Қарақұмның базынасы: Бір шағымнан кейін ауыл халқы жол азабын тартып отыр

АҚШ грин-карта беру тәртібін қатаңдатты

27 мамырда Қазақстанға Владимир Путин мемлекеттік сапармен келеді

Қазақстанда дизель отынына цифрлық бақылау және таңбалау жүйесі енгізілді