Балабақшадан 27 млн теңге жеп қойған

Шығыс Қазақстан облысының Алтай ауданында 27 млн теңге жымқырған мемлекеттік бөбекжай-бақшаның меңгерушісі мен бухгалтеріне сот үкімі шықты, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Алматы, NEGE. «2020 жылдың 21 қыркүйегінде оларға Алтай ауданының №2 соты үкімі шықты. Атап айтқанда Алтай ауданы әкімдігінің «Жасмин» бөбекжай-бақшасы» МКҚК меңгерушісі О.Н. Целовальникова 7 жыл 6 айға бас бостандығынан, ал аталған мекеменің бухгалтері Е.В. Потерина 7 жылға бас бостандығынан айырылды», - деді Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің 1-ші департаментінің аса маңызды істер жөніндегі тергеушісі Данияр Бекайдаров онлайн брифинг барысында. Агенттік өкілінің айтуынша олар бұған дейін өздерінің банктегі карта шоттарына негізсіз аудару және жеке кәсіпкер арқылы ақшаны қолма-қол ақшаға айналдыру жолымен мекекеменің 27 699 779 теңге қаражатын жымқырды деп күдіктелген.

Қазір оқып жатыр

Қазақстан мен Моңғолияны жалғайтын автожол салынады

Қазақстандық жігіт Дубайда өмір бойына сотталды

«Егеуқұйрық уы анықталды» делінген балалар тағамы Қазақстанда сатыла ма?

Әскери борышты өтеуді қандай жағдайда кейінге қалдыруға болады?