Бала сатумен айналысқан тараздық медқызметкерлер ұсталды

Тараз қаласының прокуратурасы мен Жамбыл облысы ПД жаңа туған сәбиді сату фактісін анықтады, деп хабарлайды Q

azaqstan телеарнасы.

Алматы, NEGE. Сотқа дейінгі тексеру кезінде Тараз қалалық көпбейінді аурухананың 2 медициналық қызметкері ұсталды. Олар уақытша ұстау изоляторына қамауға алынды.

Аталған қылмыстық істің тергелу барысы қала прокуратурасының бақылауында.