9 октября 2024 г. 22:00

«Педофил» Пафф Дедди қазақ балаларына да көз салған ба?

Фото: Фото: ғаламтордан

Жуырда әлемдік шоу-бизнесті дүрліктірген жаңалық болды. «Голливуд патшасы» Пафф Деддиге (P.Diddy) «балалар мен қыздарды сатқан, әншілерді өлтірген» деген айып тағылып, түрмеге қамалды. Бүгінгі зерттеуіміз рэпердің қылмыстық өмірі  жайлы болмақ.               

17 қыркүйек күні әйгілі әнші, продюсер, рэпер, актёр, кәсіпкер Шон Джон Комбс ұсталды. 54 жастағы жұлдыздың лақап есімі – Puff Daddy, көбіне оны Пи Дидди (P.Diddy) деп атайды. Әу баста рэперге «қыздарды зорлады» деген айып тағылған. Артынша, тағылған айыптары ауырлай берді. Деректерге сенсек, аса бай әрі атақты рэпер есірткі сатумен, қыз зорлаумен, адам саудасымен айналысқан және кішкентай балаларды да аяусыз зорлаған. Рас өтірігі белгісіз, ол жолына кесе көлденең тұрған, айтқанын орындағысы келмеген атақты әншілерді де өлтірген деседі. Ал тірі қалған Голливуд жұлдыздары онымен 48 сағат уақытын бірге өткізуге мәжбүр болған....

Фото: ғаламтордан

                                                       Шон Джон Комбс деген кім?

Америкалық Шон Джон Комбс 1970 жылы 4 қарашада Нью-Йорк қаласында дүниеге келген. Алғаш рет Комбс 1991 жылы өзінің Bad Boy Entertainment компаниясының негізін қалап, 1993 жылы Arista Records-пен бірлескен Bad Boy Records атты жеке лейблін құрады. Артынша, таланты мен еңбегі үшін мансаптық жолында үш бірдей «Грэмми», екі «MTV Video Music Awards», екі «BET Hip Hop» және бір NAACP Image Awards сыйлықтарымен марапатталады. Ол тек әншілікпен шектеліп қана қоймай, Комбс MTV реалити-шоуының «Making the Band» продюсері болған. Одан бөлек, жиырма екі фильм мен телехикаяға түскен.

2022 жылы Forbes журналы шоуменнің байлығын 1 миллиард долларға бағалап, Джей-Зиден кейінгі «ең бай хип-хоп орындаушысы» деп таныды. Шон Джон Комбстың 2019 жылғы байлығы 700 млн долларға бағаланған. Бұл дегеніміз – Америкадағы бай адамдардың тізіміндегі 9-орын.

Бұдан бөлек, ол музыкалық продюсер ретінде Дженнифер Лопестан бастап, The Notorious B.I.G, Мэрайи Кэри сияқты танымал әншілердің әндерін шығаруға демеушілік жасапты.

Жеке өміріне келсек, Puff Daddy-дің алты баласы бар. Бірақ балалары бір анадан емес. Жыл сайын сүйіктісін ауыстыратын ол 2006-2018 жылдар аралығында Кэсси Вентура атты сұлу әншімен жүреді. Өткен жылы Кэсси бұрынғы жігітінен зорлық көргенін мәлімдеп, сотқа арыз жазады. Осы кезден-ақ Шон Джон Комбстың пасық істері шетінен әшкерлене бастаған. Әнші Eminem де өз әндері арқылы Комбстың қылмыстары туралы айтқан екен. Алайда, фанаттар мен қарапайым адамдар қанша тыңдаса да, өлеңнің мәнін еш түсіне қоймапты

                                                  Комбс Қазақстанға не үшін келді? 

Есірткі саудасы мен қыздарды зорлау былай тұрсын, Комбстың кішкентай бүлдіршіндерді де зорлағаны және сатқаны туралы дерек бар. Себебі, Шон Джон Комбсты ұстап, үйін тінту барысында балалар қолданатын май табылды. Кейбір деректерге сенсек, ол алдымен балаларға есірткі беріп, артынан оларға ойына келгенін істеген.

Тағы бір мысал, 2009 жылдары атақты Джастин Бибер 15 жаста болған, сол кезде P.Diddy оған Lamborghini автокөлігін сыйлаған. Жас әнші қатты қуанғанымен онысы ұзаққа бармапты. Джастин рэпермен 48 сағат бірге болған және ол уақытта не істегені есінде жоқ. Осыдан кейін баланың психикасы бұзылған.

@fakty_interesnye P.Diddy подарил Джастину Биберу машину до того как провел с ним 48 часов ☠️. #kanyewest #taylorswift #pdiddy #justinbieber ♬ She Knows - J. Cole

Джастин Бибер ғана емес, Уилл Смиттің ұлы Джейдин Смит те осындай жағдайға тап болғаны жайлы деректер бар. Сондай-ақ бұдан 25 жыл бұрын Шон Джон Комбс зорлаған ең жас құрбандық бар-жоғы 9 жаста болғаны айтылады.

2011 жылы 16 желтоқсанда еліміз Тәуелсіздігін тойлап жатқан уақытта атышулы Шон Джон Комбс (Puff Daddy) Қазақстанға келді. Бұрынғы президент Нұрсұлтан Назарбаевтың жиені Нұрәли Әлиевтің жаңа қонақ үйінің ашылу салтанатында өнер көрсеткен оны ұйымдастырушылар Алматы қаласындаға №2 балалар үйіне де апарған.

Рэпердің келетіні туралы алдын-ала ешкім білмеген. Тәрбиешілер мен балалар, журналистер бар болғаны бір сағаттың ішінде дайындалып, құрметті қонақты күтіп тұрады. Іле-шала Puff Daddy, Нұрәли Әлиев жәнен әншінің бір топ атқосшылары келіп, балалардың өнерін тамашалайды. Сол уақытта балалар үйінде жұмыс істеген тәрбиеші бұл кездесу туралы былай деген: «Не үшін келгені белгісіз. Келеді деді, күтіп алып, шығарып салдық. Бірақ, жүзінен балаларға деген шынайы жанашырлық сезімді байқамадым...»

Шон Джон Комбстың қолынан ұстап жүрген Рахим Рушанов қазір 27 жаста. Ол былай дейді: «Мені рэпер ұнатқаны соншалық, асырап алмақшы болды. Ол кезде 9 жаста едім. Қасында жүргенімде қолымнан ұстап алып, жанынан жіберген жоқ. Біресе арқамнан қақты, біресе денемді сипалай берді. Артынан тәрбиешілер маған: «Сені рэпер Америкаға алып кеткісі келеді», – деді. Америкада тұрып, рэпердің баласы боламын деп армандап жүрдім. Бірақ бірнеше айдан кейін «сенің туған екі әпкең болғандықтан, сені асырап алуға рұқсат берілмеді» деп айтты».

Фото: ғаламтордан

Сол кезде Нұрәли Әлиевтің Шон Джон Комбсты не үшін жетімдер үйіне апарғаны белгісіз. Рэпер өзі барғысы келді ме, әлде оған біреулер «ерекше сыйлық» жасағысы келді ме екен? Мұны рэпердің сапарын ұйымпастырған және қаржыландырған Нұрәли Әлиевтен сұраған жөн шығар.

                                                  Рэпердің атақты қонақтары

White Party (Ақ кеш) – ұйымдастырушылар мен шақырылған қонақтардың барлығы тек ақ түсті киім киіп келіп, көңіл көтеретін кеш. Кештің ұйымдастырушысы мен негізін қалаушы әрине, – Puff Daddy. Голливуд жұлдызы осындай көңіл көтеру кештерін қара нәсілділер мен ұрпақтар арасындағы түсініспеушіліктерді жою мақсатында ұйымдастырған.

Бірінші рет «ақ кеш» 1998 жылы қыркүйекте рэпердің Хэмптондағы үйінде өткен. Сол кезде Дидди екі жүзге жуық қонақ шақырыпты. Олардың арасында R&B әншілер, хип-хоп бишілер мен атақты актёрлер бар. Мәселен, «Титаник» фильмінде басты рөлді сомдаған Леонардо Ди Каприо да осы кешке қатысқан.

Фото: ғаламтордан

Көңіл көтеру кештері Беверли-Хиллз пен Сан-Тропе қалаларында да ұйымдастырылған. Осындай кешке қатысқан атақты адамдардың қатарында Бейонсе, Пэрис Хилтон, Кардашьяндар, Эшли Олсен, Деми Мур тағы да басқа жұлдыздар бар деседі.

Кеш екі бөлімнен тұрған: бірінші бөлімге балалар мен журналистер қатысуға рұқсат етсе, екіншісі бөлімді «freak-offs», яғни «есінен адасу» деп атап, оған тек құрметті қонақтар қатысатын болған. Осындай жиындардың бірінде Дидди сахнаға шығып: «Біз сендердің қарындарыңды тойдырдық. Енді көңіл көтеретін кез келді. Балалардың уақытты бітті, сендер бұл жерге өскенде келесіңдер жарай ма? Ал біз өмірден ләззәт алуды бастайық», – дегені таспаға түсіп қалған.

@dailymail New video has surfaced of Sean 'Diddy' Combs telling guests at one of his legendary White Parties in the Hamptons that it was time for the kids to go home and the real partying to begin. In footage obtained exclusively by DailyMail.com, Diddy, 54, stands, champagne glass in hand, like a dictator on his balcony as he calls in the quid pro quo for the hospitality so far extended. 'We fed you all, we gave you drinks now it's time to enjoy life,' he says. 'This is a celebration of life. This is the real White Party. #diddy #whiteparty #breakingnews #clip ♬ original sound - Daily Mail

Кештің екінші бөлімінде рэпер қонақтарға ішімдік пен ауыр есіркілерді ішкізіп, оларды бір-бірімен жыныстық қатынасқа түсуге мәжбүрлеген. Өзі бұндай әрекеттерге қатыспай, оларды бақылап, видеоға түсіріп жүрген.

Инсайдерлердің айтуынша, осы бөлім үшін Дидди жеңілтек қыздарды қамап ұстап отырған. Осы үшін жас әрі әдемі қыздарды ұрлап әкетіп, есірткі беріп, оларды алдын-ала дайындаған. Себебі, кеште оларды зорлау мен физикалық дене жарақаттарын салу сияқты лас әрекеттер ұйымдастырған және мұндай істер бірнеше күнге созылған. Қыздардың денесіндегі жарақат толық жазылмайынша оларды үйден шығармаған. 

Биылғы жыл басында осы кештің бір қатысушысы Дуэйн Дэвис Шон Джон Комбстың үстінен арыз жазды. Ол қызды да алдап шақырып алып, есірткі берген, артынша зорлаған. Алайда рэпер мықты адвокаттардың көмегімен ақталып шығыпты.

Майкл Джексон кісі қолынан өлді ме?

«Шон Джон Комбс рэпер Тупак пен әнші Майкл Джексонның өліміне де себепкер болған» дейтіндердің бір білгені бар сияқты. Тупак Амару Шукур – американдық рэпер, продюсер әрі актёр. Ол 1996 жылы оққа ұшты. Бигги атты рэпер мен Тупактың бақталастығы жүйкесіне тиген Диди екеуін де өлтіруге тапсырма берген-міс. Тупак 1996 жылы өлсе, бір жылдан соң Бигги қаза тапты. Бұл іс бойынша айыпты деп танылған Дуэйн Дэвис Шон Джон Комбстың қылмысқа қатысы бар екенін мойындаған еді.

Комбстың Майкл Джексон, Aaliyah, Left Eye сияқты әншілердің өлімдеріне қатысы нақты дәлелденген жоқ. Бірақ Шон Джон Комбс шой бизнесте өзі құрған империяның құрамына кіргісі келмегендердің түбіне жеткені туралы гу-гу бұрыннан бар. Бұл туралы әнші Джей Коул өзінің «she knows» рэп шумақтарында былай дейді:

Rest in peace to Aaliyah (Жаның тыныш болсын, Алия)

Rest in peace to Left Eye (Жаның тыныш болсын, Left Eye)

Michael Jackson, I’ll see ya (Майкл Джексон,көріскенше)

Just as soon as I die (Мен өлгенде)

She knows, she knows (ол біледі) And I know she knows (мен білетінімді, ол біледі)

Фото: ғаламтордан

Джей Коул «әнші Бейонсе бәрін біледі» дегенді меңгейзі. Сол үшін америкалықтар Бейонсенің әндерін тыңдаудан бас тартты. Ал Майкл Джексон өлер алдында досына қоңырау шалып: «Бұл – үлкен қылмыстық топ, бұлар мені өлтіреді. Балаларым үшін уайымдаймын», – деген екен...