Бакуден Ақтауға ұшқан ұшақтан ақау шықты

Ақпаратты Көлік министрлігінің баспасөз қызметі растады.

ғаламтордан

Алматы, NEGE. Азаматтық авиация комитетінің мәліметінше, оқиға сағат 09:04-те болған.

– Ақтау қаласы әуежайының әуеайлақ және жерүсті қызметтері әуе кемесін ұшу-қону жолағынан сүйрету (сүйемелдеп шығару) жұмысын атқарды. Ұшақтың қонуы штаттық режимде болды, қонғаннан кейін әуе кемесінде ақау бары анықталды, – делінген хабарламада.

Ұшақ Бакуден Ақтауға бағыт алған және бортта жолаушылар болмаған.

Әуежай ашық және қалыпты режимде жұмыс істеп тұр.